Киркоровтың концертінде тағы бір келеңсіз жайт болды

Киркоровтың концертінде тағы бір келеңсіз жайт болды

Ресейлік әнші Филипп Киркоровтың Алматыдағы концертінде тағы бір келеңсіз жайт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Киркоров концерт кезінде сахнадан түсіп, күзетшіні гүлмен ұрып жіберген видео тарады. Qumash Telegram-арнасының мәліметінше, әнші күзетшіні жайдан жай ұрмаған. 

"Оқырманымыздың сөзінше, Алматыдағы Республика сарайындағы концертте ол бұл жайтқа дейін не болғанын түсіріп алған. Оның айтуынша, күзетші гүл алып келе жатқан тыңдармандарды итеріп жіберген, ал Филипп Бедросович күзетшіден бұлай істемеуін сұраған. Әнші шыдамай, күзетшінің өзін ұрып жіберген", - делінген арна жазбасында. 

Еске салайық, бұған дейін концертте болған тағы бір келеңсіз жайт туралы жазған болатынбыз. Алматыда концертке жалаңбұт шыққан Киркоров өз әрекетін түсіндірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина