"Бәрімізде бар". Адамды ақымаққа айналдыратын әдеттер

"Бәрімізде бар". Адамды ақымаққа айналдыратын әдеттер
Фото: elements.envato.com

Өмір салты, мінез-құлық пен жаман әдеттер адамды ақымаққа айналдыруы мүмкін. Ми жұмысының ерекшеліктері, ақпаратты есте сақтау, көбейту және талдау қабілеті күнделікті не жейтінімізге, көретінімізге және не істейтінімізге байланысты. Бұл туралы психолог, психотерапевт Екатерина Домбровская айтты, - деп хабарлайды Doctorpiter.ru.

Паразит сөздерді қолдану

Сөйлеу мәнері, адамның өз ойы мен сезімін анық және дұрыс жеткізе білу - білімді, ақылды адамның белгілерінің бірі. Адамды сөйлеу мәнеріне қарап бірден анықтауға болады. Оның ішінде жиі шатасу, сөз таңдаудағы қиындықтар, паразит сөздерді қолдану (балағат сөздерді айтпағанда), шектеулі сөздік қоры, оқудың аздығы және қарым-қатынастағы қиындық секілді мәселелер де бар.

Реалити мен ток-шоулар көруге әуестік

Австриялық ғалымдар ұзақ жыл бойы теледидардың адамның ми жұмысына және ақыл-ой қабілетінің өзгеруіне әсерін зерттеп келеді. Психологтар әртүрлі шоуды - реалити-шоуды, ток-шоуды және даулы бағдарламаларды көруге құмар адамдар білімге қатысты сұрақтардан өте алмай, қиналатынын айтады. Ғалымдар экранның алдында үнемі отыру ақыл-ой әлеуетінің төмендеуіне әкеледі деген қорытындыған келген.

Адам теледидар көргісі келсе, танымдық, білім беру арналарын, көркем фильмдерді, классикалық музыка концерттерін таңдағаны жөн. Олар ақыл-ой қабілеті үшін пайдалы саналады.

Әлеуметтік желілерде көп отыру

Білімді адамдар өсуге, өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Олар әлеуметтік медианы пайдаланады, бірақ қажет емес ақпаратты сүзіп, керегін алады. Олар шынайы өмірдегі хоббиге көбірек уақыт бөледі, жаңа білім алуға ұмтылады.

Ашуланшақтық

Жанжалға кері реакция, ашуланшақтық және проблемаларды күшпен шешуге деген ұмтылыс ақылды адамның белгісі емес. Бұл адамның жетілмегендігін, эмоцияларды бақылауда ұстай алмайтынын көрсетеді.

Қоғамнан оқшаулану және байланыстан бас тарту

Адам қоршаған ортасына байланысты өмір сүреді. Жақындарымызбен, достарымызбен және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде өз қабілетімізді дамытамыз. Әлеуметтік оқшаулану - біртіндеп деградацияға апарар жол.

Нашар ұйқы немесе оның жетіспеушілігі

Ұйқы кезінде ми жұмысын тоқтатпайды, бірақ оның жұмыс режимі күрт өзгереді. Ол қауіп туралы сигналдарды қоспағанда, сыртқы әлемнен келетін ақпарат ағынын өшіреді және күні бойы келген ақпаратты өңдеумен айналысады. Ұйқы дұрыс болмаса, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Кеш ұйықтау, кеш тұру және түнде 6 сағаттан аз ұйықтау бізді ақымаққа айналдырады.

Фастфуд пен майлы тағамға тәуелділік

Артық майлы және өңделген тағамдар миға қауіп төндіреді. Бұл өнімдер есте сақтау қабілетін нашарлатуы, мотивациямызды төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай тағамдар семіздік пен қант диабетіне әкеп соқтырады. 

Көп тапсырма істеу әдеті

Массачусетс сарапшылары адам миы көп тапсырма істеуге арналмағанын анықтаған. Адам миы бір тапсырмадан екіншісіне ауысады, бірақ оларды қатар орындай алмайды. Бұл арқылы жүйке жасушаларына қажет ресурстар көп жұмсалады, осылайша олардың жұмыс тиімділігі төмендейді. Тұрақты әрі көп тапсырма болуы шығармашылық ойлауды тежейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова