ҰҚК қауіпті қылмыстық топты ұстады

ҰҚК қауіпті қылмыстық топты ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК мәліметінше, топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажет шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын "жиналыстарда" қабылдап тұрған.

Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардың топ басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар. 

"Олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, "ұрылар кассасының" сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар, тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды", - делінген хабарламада.

Қолға түскендер қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген. Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина