Алматы облысында үй ауласын қазу барысында таңғаларлық дүние табылған

Алматы облысында үй ауласын қазу барысында таңғаларлық дүние табылған
Фото: © almaty.tv

Алматы облысы Жамбыл ауданында жұмысшылар үй ауласына су құбырын тарту кезінде ежелгі түркі дәуіріне жататын жәдігерді кездейсоқ тауып алған, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, Оразбековтар отбасы адамның бет-әлпеті бейнеленген тас мүсін ата-бабаларына жарты ғасыр бұрын тиесілі болғанына сенімді. Ол кезде олардың арғы атасы Еламан ауылда құрметті адам болған және балбалтас оның үйінде сақталған, содан кейін оны ұлы Құлымбайға тапсырған.

"Атамыз Еламан осы тасты сақтаған. Біздің ата-бабаларымыз оған жылқыларды байлаған, ал құртты кептіру үшін іліп қоятын болған. Кеңес өкіметі кезінде бұл жәдігер немесе құндылық болуы мүмкін екенін біз де білмедік", - дейді Шилібастау ауылының тұрғыны Роза Шұлғаубаева.

Табылған балбалтастың биіктігі шамамен бір метр болады, ені - 70-80 сантиметр. Тас туралы жергілікті тұрғындар көп естіген. Ал отбасы мүшелерінің өздері бұл жерде тағы екі балбалтас көмілуі мүмкін екенін айтады. Олардың бірі - әйел.

"Бала кезімізде не істемедік? Тасқа ат сияқты мінетінбіз. Доп ойнаған кезде қақпа ретінде пайдаландық. Ол кезде екі тас болған", - деді Шилібастау тұрғыны Нұрдәулет Байбосынов.

Археологтар бұл олжа ежелгі түркі кезеңіне жатуы мүмкін әйгілі балбалтас екенін растады.

"Ежелден бері балбалтастар қайтыс болған адамдардың қабірлеріне айрықша белгі ретінде орнатылды. Олардың көпшілігі бүгінде жоғалып кетті. Көбі қирады", - деді "Таңбалы" тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі бөлімінің бастығы Қуаныш Нұрмақсұтов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова