Петропавлдағы жылу электр станциясында 21 жастағы жұмысшы қаза болды

Петропавлдағы жылу электр станциясында 21 жастағы жұмысшы қаза болды

Петропавлда ЖЭО-2-де монолитші өндірістік жарақат алып, қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл дерек Петропавл полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) тіркелді. 

Соталды тергеу барысында 5 қарашада жылу электр станциясында 21 жастағы монолитші өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған, алайда 7 қарашада алған жарақаттарынан қаза болған. 

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ, жұмысты орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі анықталады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова