Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі әлем рейтингінде үздік ондыққа кірмеді

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі әлем рейтингінде үздік ондыққа кірмеді

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі 96 елдің ішінде 58-орында. Индекс - 59,89. Айта кетейік, индекс неғұрлым 100-ге жақын болған сайын соғұрлым денсаулық сақтау жүйесі жақсы болып есептеледі. Әлем елдерінің денсаулық сақтау жүйесі рейтингінде мамандар, жабдықтау, қызметкерлер мен қызмет сапасы есептелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

ТМД елдерінің арасында Ресей, Армения, Украина, Әзербайжан және Беларусь елдеріндегі көрсеткіштер Қазақстаннан да нашар болып шықты. Рейтингті Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапония бастады. Ең соңғы орында - Мальта.

Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда амбулаторлық деңгейде емдеу құны 15,1 пайызға өскен. Өңірлер бойынша, Түркістан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында баға өскен. 

2022 жылдың екінші тоқсанында денсаулық сақтау саласында 733,4 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген. 

Ең көбі Алматыда - 140,3 миллиард теңге, былтырмен салыстырғанда 19,1 пайызға көп.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина