Енді қазақ тілін білмейтіндер ҚР азаматтығын ала алмауы мүмкін. Жаңа заң әзірленіп жатыр

Енді қазақ тілін білмейтіндер ҚР азаматтығын ала алмауы мүмкін. Жаңа заң әзірленіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Бұдан былай Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілін білу міндеттелуі мүмкін. Жаңа заң жобасы туралы премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Қазір "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ, қос азаматтығы деректерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді", - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның сөзінше, бұл заңнамалық бастамалар Үкімет қорытындысының жобасына енгізіліпті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек