Шымкентте 16 жастағы қыз әкесі төрт жылдан бері зорлап келе жатқанын мәлімдеді

Белгілі қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі Шымкентте 11-сынып оқушысы әкесі оны 7-сыныптан бері зорлап келе жатқанын мәлімдегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоғам белсендісінің сөзінше, 16 жастағы қыз бұл оқиға туралы TikTok-та айтқан. Ол екі рет суицид жасамақ болған. Бірақ бұл жайт туралы тіс жаруға қорыққан. Көпбалалы отбасынан шыққан.  

Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

"Бұл дерек Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша тіркелді. Соталды тергеу бойынша қажет тергеу амалдары жүріп жатыр, оның ішінде, сараптамалар да тағайындалды. Жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Алайда кәмелетке толмаған қыз бен ата-анасы полицияға арыз жазудан бас тартты және зорлық дерегін жоққа шығарып отыр", - дейді Салтанат Қаракөзова.

Оның сөзінше, іс Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!