Түркістан облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

Түркістан облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қарашада Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірім өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Ақпарат алған полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеріс жұмыстарын жүргізген. Сырттай қарау барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмаған. Ал бұл әрекеттің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауап алған, мектептегі бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!