"Бұған не дейсің, Илон Маск?" Желіде қой бағудың қызық әдісі пайда болды

Желіде "Шопан атаның" қойларын қызық тәсілмен айдап келе жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қырғызстан тұрғыны жайылымнан фермаға баратын жол бойында қойлары жайылып кетпес үшін ерекше әдіс ойлап тапты. Видео миллиондаған қаралым жинады, ал көбі "Бұған не дейсің, Илон Маск?" деп жазған", - делінген жазбада. 

Желі қолданушылары бұл видеоның Қырғызстан емес, Қытайда түсірілгенін жазған. 

"Бұл Қырғызстан емес, біздің жолдар мұндай түзу емес", "Қытай ғой, қытайша жазылып тұр ғой", "Қытай ғой, біздің қой бағатындар бетперде тақпайды ғой", "Масктің не қатысы бар", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!