"Алғаш рет көріп тұрмын". Димаш Құдайбергеннің жаңа образы жұртты таңғалдырды

Димаш Құдайбергеннің жаңа образы жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-парақшасына видео жүктеді. Онда әнші жаңа образда.

"Туған жерім Қазақстанға, Алматыма ұшып келдім. Жігіттер, менімен ойнауға әлі ерте. UFC сіздерге дойбы емес", - деп жазды әнші парақшасында.

Желі қолданушыларға өнер иесінің жаңа образына қатысты түрлі пікір қалдырған. 

"Димаш, сақалың қандай керемет", "Димашты сақалымен алғаш рет көріп тұрмын. Қызық, бірақ өзіне жарасып-ақ тұр", "Сен ғана емес, электрұстараң да, тіпті шаштаразың да демалыста сияқты ғой", "Сақал қойған жарасады екен", "Димаш! Тезірек сақалыңды қырып таста! Террориске ұқсап қалдың", - деп жазған Желі қолданушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!