Ерке Есмахан ұшақта қызық жайтқа тап болды

Ерке Есмахан ұшақта болған қызық жайтты айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, сапарларының бірінде кішкентай қызбен бірге ұшқан. Ал ол сенер-сенбесін білмей, Желіден Ерке Есмаханның парақшасын қараған. 

"Қызылордадан Алматыға осындай тәтті қызбен ұшып келдім. Қасына келіп отырғанымда түсінбей қалды. "Точно Ерке Есмахансың ба?" деп менің инстамды қарап отырған кезі. Потом сөйлесіп, суретке түстік. Мені туралы бәрін біледі екен. Есімі Алтынай", - деп жазған әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!