Дубай орталығында алапат өрт шықты

Дубайдың орталығында Downtown аймағында алапат өрт шықты. Араб әлеміндегі ең ірі құрылыс салушы Emaar-дың зәулім ғимараты түгел дерлік өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде өрт болған жерден түрлі видео тарады.

Оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!