Жетісу облысында 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісу облысында 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: 24.kz

Жетісу облысының Ақсу ауданында пайдаланылмай жатқан 25 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды 24.kz.

Жетісу облысының Ақсу ауданында ауыл шаруашылық мақсатындағы 737 мың гектар жер бар.

Соның 220 мың гектарға жуығы пайдаланылмай жатыр. Аудан прокурорлары мен жергілікті әкімдіктің жұмысы нәтижесінде 25 мың гектар жер жекеден мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың басым бөлігі Қызылағаш, Матай, Ойтоған, Жансүгіров ауылдық округтеріне тиесілі. Яғни шаруалар төрт түлігін жайылым аумағына тіркелмеген, ал егістік алқабының есебін тапсырмаған. Осыған байланысты құзырлы орган өкілдері тиіс шара қолданып, 30 мың гектар аумақ қайта игеріле бастады.

"Ақсу ауданы бойынша 179 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерді мәжбүрлі түрде тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін аудан прокуратурасы уәкілетті органға қадағалау актісі енгізіліп, уәкілетті органдармен жер иелеріне хабарландырулар беріліп, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Ақсу ауданы прокурорының орынбасары Әділет Сабырбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек