Жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген

Жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген
Фото: elements.envato.com

14 жастағы жасөспірімдер Өзбекстан Сенатының сайтын бұзып кірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.

Marsh Golden хакерлер тобында кәмелетке толмаған алты бала бар. Жасөспірімдердің бірінің айтуынша, мемлекеттік сайт осалдығын көрсету үшін бұзылған, кәмелетке толмағандардың жаман ниеті болмаған.

Оның айтуынша, егер мүмкін болса, Marsh Golden Өзбекстанның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Podrobno.uz порталының мәліметінше, жасөспірімдер бұған дейін де мемлекеттік органдардың сайттарын бұзған. Олар өз қызметін 2018 жылы бастаған. Бір жылдан кейін Marsh Golden мектептегі бағаларын дұрыстау үшін Kundalik.com білім беру платформасын бұзған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек