Желіде көлік пен автобус жүргізушілері арасында болған төбелестің видеосы тарады

Желіде Алматыда көлік пен автобус жүргізушілері арасында болған төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қызметкерлері соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тиіс тергеу әрекеттері жүргізілетін болады. Қылмыстық іс бойынша іс-шаралар кешенінің нәтижелеріне сәйкес түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - деді полиция қызметкерлері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!