Петропавлда оқыс оқиға болып, бір адам қаза тапты

Петропавлда оқыс оқиға болып, бір адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"4 қарашада Петропавлдың Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 8-ші қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек