"Қалыңдық күйеу жігітпен бір киіз үйде отырмаған". Заманауи тойлардағы есте қаларлық трендтер

Бұрын тойларда беташарға арналған "көрімдікті" арнайы табаққа салып берсе, қазір тіпті QR-кодты дайындап қояды. Бұдан басқа той ұйымдастыру бизнесі өркендеп, мереке түрлі стильде өтіп, той иелері қызық сый әзірлейді. Massaget.kz тілшісі тойдағы жаңа трендтер топтамасын әзірледі. 

Той торты

Қазір той ұйымдастырып жатқандарға ақшадан басқа креатив те керек. Мысалы, мына видеода жастар тортты екі-үш қабатты етіп емес, той қонақтарының алдында өздері дайындағанды жөн көрген. 

@medet.karen #Рек#свадьбаныйторт#тренд ♬ оригинальный звук - Карен Медет
Таяуда шаңырақ көтерген актер Данияр Алшынов пен қалыңдығы да тойда ерекше торт әзірледі. Олар тортты алдымен жеміс-жидектермен әрлеп, кейін тәттіні қонақтарына ұсынды. 

Кеш қонақтары мен арнайы бишілер арасында баттл

Той иелері мерекеге арнайы бишілерді шақыратыны жаңалық емес. Бірақ қонақтар мен бишілер арасында баттл жиі бола бермейді, ал кейді тіпті қонақ арасында бишілерден де асып түсетіндер кездесіп жатады. 

@zhakupovaf обожаю казахские тои? #рек #батл #waacking #fyp #той ♬ Love You So - The King Khan & BBQ Show
Мысалы мына видеода Ninety one тобының солисі Bala тойда арнайы бишілерден кем түспей өнер көрсетіп жатыр. Бұл ойын шарты бойынша биді тек бір рет көрсетеді, қалғанын есте сақтап қалу қонақтың өзіне байланысты. 
@_ai.xz ???#рекомендации #zaq #91? #ninetyonetour2022 #ninetyone #fyp #FilmTeyvatIslands #fypage #той ♬ оригинальный звук - spoti.spotify

Қазақ дәстүрін жаңғырту 

Естеріңізде болса, бұрын тойға келген қонақтарға қуаныш жұғысты болсын деп тек тойбастар берілсе, қазір сый-сыяпат көбейді. Бұдан бірнеше жыл бұрын ұзатылып бара жатқан бойжеткен әлі күйеуге шықпаған қыздарға үкі тақса, енді тақия тарататын болған. 

@koko_anel Үкі емес тақия таратамыз❤️жұғысты болсын#рек #хочуврек #рекомендации #ұзату #ұзатутой #ұзату2022 #топ #алматы #казахстан #втренды #такия ♬ оригинальный звук - tazhmina.danyarkizi

Түрлі стильде өткізу

Тойдың ерекше болып өтуі, қонақтар есінде ұзаққа қалуы оның стиліне де байланысты. Бұған дейін тойлар еуропалық және қазақша стильде өтіп жүрсе, енді оған этно стиль де қосылды. Мысалы, мына видеода қалыңдық пен құрбылары бірдей киінген. 

"Менің сіңілім ұзату тойын ұлттық нақышта, ерекше өткізгісі келді. Бұрын қалыңдық күйеу жігітпен бір киіз үйде отырмаған. Қалыңдық сіңлілерімен бірге отырған. Киіз үйде бірге отыратын сіңлілеріне бірдей етіп белбеу мен тақия дайындадық", - делінген видеода. 

@blv6cky Ерекше Қыз ұзату той? #ұзату #узату #той #қызұзату #кызузату ♬ оригинальный звук - ?.?

Ал "Ирина Қайратовнаның" солисі тойын ерекше этно стильде өткізді. Тойға келген қонақтарға арнайы шаш жасайтын және бет әрлейтін мамандар шақырылған. Қалыңдық пен күйеужігіттің образында күмістен толған әшекей, ал Азамат ұзын шаш жалғап алғаны көрініп тұр. 

Анасының той көйлегін кию

Жақында Желіде анасының 25 жыл бойы сақталған той көйлегін киген қыздың видеосы тарады. Мұндай дәстүр шетелде бұрыннан бар. Олар көбіне мұра ретінде сақина, бағалы әшекей не көйлек қалдыратын.

"Ең әдемі той көйлегі. 25 жыл. Анам өзінің көйлегін "қызым киеді" деп сақтаған екен", - деп жазған қыз видеода.

"Күйеуге шығып жатырсың ба?"

TikTok-та тағы бір қызық тренд пайда болды. Қызжолдас ұзату тойға дайындық кезінде қалыңдықтан "Күйеуге шығып жатырсың ба?" деп бірнеше қайтара сұрайды. Қалыңдық "жоқ, жай ғана киіп көріп жатырмын" деп жауап береді. Мысалы, мына видео Желіде бір миллионнан аса қаралым жинап, екі жүз мыңнан аса лайк жинаған. 

@mntglsht26

Айша, ты че замуж выходишь ? ?

♬ оригинальный звук - Mntglsht
@sunnysali01 Самая Красивая Невестушка❤️ #тычезамужвыходишь? #невеста #астана #свадьба #рек ♬ оригинальный звук - sunnysali01

Бұдан басқа қазір тойды шетелде өткізу, қонақтарға гауһар тас тарату тренд болып кетті. Тойдың есте қаларлықтай өтуі тек иелерге ғана емес қонақтарға да байланысты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!