Қызылордада жеке үйден 40 мың еуро ұрлаған екі күдікті ұсталды

Қызылордада жеке үйден 40 мың еуро ұрлаған екі күдікті ұсталды

Қызылордада жеке үйден 40 000 еуро ұрлаған екі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

"Полиция басқармасының 102 арнасына 54 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреулер үй иелерінің жоғын пайдаланып, терезесін ашып кіріп, жатын бөлмедегі кереует астынан 40 мың еуроны, Samsung Galaху Tab S7 және Samsung S9 ұялы телефондарын алып кеткен. Іздеу шаралары нәтижесінде 29 және 30 жастағы екі күдікті ұсталды", - дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Өмірзақов.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) соталды тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова