Теледидар қосып ұйықтаудың қаупі бар болып шықты

Теледидар қосып ұйықтаудың қаупі бар болып шықты
Фото: © elements.envato.com

Қазір көбі теледидар қосып ұйықтауға дағдыланған. Кейбіреулер осындай өмір сүру салтына тәуелді болғаны соншалық - фильм немесе телешоудың дауысынсыз ұйықтай алмайды. Алайда бұл әдеттің зиян тұстары да бар, - деп хабарлайды "Рамблер".

Сомнологтардың пікірінше, түнгі ұйқы кезінде теледидардан жай дыбыс шығып тұрса да, адамның биологиялық сағаты бұзылады. Тәжірибе барысында мамандар теледидар экранынан шығатын жасанды жарық метаболизмге әсер етуі мүмкін екенін анықтаған. Бұл өз кезегінде артық салмақ қосылуына әкеп соғуы мүмкін.

Теледидар алдында ұйықтап жатқан адамның аштық гормоны - грелиннің өндірісі де артады. Сондықтан адам көп әрі жиі тамақтанғысы келеді. Ал шамадан тыс тамақтану басқа да қауіпті ауруларды тудырады. Оның ішінде семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары бар.

Адам жиі теледидар қосып ұйықтап қалса, тәбетті басатын гормондары да азаяды. Соның салдарынан салмақ қосады. Бір қызығы - ғалымдар шамның жарығы теледидар жарығы сияқты әсер етпейтінін байқаған. Сондықтан сарапшылар қараңғыда ұйықтау ыңғайсыз болса, жарық шамын қолдануға кеңес береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова