"Скотчпен байлап, тонап кеткен". Астанада жағаұстарлық жайт болды

"Скотчпен байлап, тонап кеткен". Астанада жағаұстарлық жайт болды
Фото: polisia.kz

Астанада үй иесін тонап кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, полицияға 19 жастағы астаналық жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылысшыға ақысын бермеген. Төлемін ала алмаған жұмысшы жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап тастаған. Кейін IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген. Тонау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұсталған адам бұрын елорда аумағында ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова