Димаштың швейцариялық жанкүйері Қазақстанға сапары туралы айтып берді

Димаштың швейцариялық жанкүйері Қазақстанға сапары туралы айтып берді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Димаш Құдайбергеннің швейцариялық жанкүйерінің қазақша сөйлеген видеосы тарады. TikTok-парақшасына ол Алматы көшелерінде серуендеп, қазақша әшекей тағып, тіпті домбырамен күй тыңдап отырған видеоларын жүктеген. Massaget.kz тілшісі жанкүйердің Қазақстанға сапары қалай өткенін білу үшін оған хабарласып, сұхбаттасты.

Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен концертіне шашын арнайы қазақ туына сәйкес көк түске бояп келген Esther Uhlmann-ның видеолары пайда болды. Ол өнер иесінің концертіне Швейцариядан келген. Әйелдің айтуынша, ол Димаштың концерті болатынын естігенде қатты қуанған.

@esther_uhu

♬ Originalton - Dimashdear

Esther Uhlmann-ның айтуынша, ол көп саяхаттайды, бірақ Қазақстанға алғаш келген. Жанкүйер қазақ жерінде үш апта болып, Алматы мен Астананы аралаған.

Желіде тараған видеода Еsther Uhlmann-ның Алматыдағы "Жібек Жолында" серуендеп жүргенін көруге болады. 

@esther_uhu

♬ Originalton - Dimashdear

"Міне, мен Алматыда, Арбаттамын. Адамдар өлең айтып тұр. Арбаттағы энергияға тамсанып тұрмын", - дейді Еsther Uhlmann TikTok-қа жүктеген видеода.

Бұл видео 330 мың қаралым, 40 мыңнан аса лайк пен үш жүзден аса пікір жинаған.

"Жаным", "Қандай күшті әйел. Сізді Астанада кездестірсем, кофеге шақырар едім, Қазақстанға қош келдіңіз", "Жаным сол", "Қош келдіңіз", - деп жазған Желі қолданушылары.

Айта кетейік, Еsther Uhlmann қазір қазақ тілін оқып жатыр. Ол тіпті, бірнеше сөйлем айта алады. Ал оның мұғалімі Irina Vagner - Қазақстанның Аргентинадағы Росарио қаласындағы консулы.

"Мен қазақ тілін Димаштың арқасында үйрене бастадым. Әзірге қазақ тілінде тек өзімді таныстыра аламын, мүмкін қазақ тілінде сауда жасап та көрермін. Аргентинада тұратын қазақ мұғалімнен онлайн сабақ аламын. Ол сабақта қазақ мәдениеті туралы көп айтады. Бұл мені қатты қызықтырды", - дейді ол.

Ал мына видеода ол жазушы Дулат Исабековпен түскен суретін жүктеген. 

@esther_uhu After having met the famous Kazakh writer #dulatissabekov I was also gifted a German translation of Abai‘s masterpiece ????????#kazakhstan #switzerland @Dimash Qudaibergen@?Асет Мурзабаев ?? Блогер @Тауекел Мусилим ♬ Your Love - Dimash Kudaybergen & Igor' Krutoy

Әйел Қазақстанда уақытын тамаша өткізгенін және сапарда адамдардың оған көрсеткен ілтипатына риза екенін айтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек