Астанада 14 жастағы қыз 19-қабаттан секіріп, қаза болды

Астанада 14 жастағы жасөспірім қыз 19-қабаттан секіріп, қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2 қарашада сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

Тексеру барысында бұл дерек расталды.

Полиция қызметкерлері мәйіттің жеке басын анықтап, оның 19-қабаттан секірген 14 жастағы қыз екенін анықтады.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!