Мемлекетке 630 миллиард теңгеден аса сома қайтарылды

Мемлекетке 630 миллиард теңгеден аса сома қайтарылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Активті қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 миллиард теңгеден аса сома көлеміндегі ақша мен мүлікті қайтарды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Twitter-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеден саласындағы прокурорлардың актілері бойынша бюджет 57 миллиард теңгеге толықтырылды, мемлекет меншігіне 5 миллард теңгеге 140 мың гектар жер қайтарылды", - делінген Берік Асыловтың парақшасында.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова