Қытайдағы қазақ ең үздік телевизия актрисасы атанды

Қытайда Flying Apsaras Awards телевизиялық киножоба сыйлығын табыстау рәсімі 33-рет өтті. Бұл шарада үздік телевизия актрисасы ретінде этникалық қазақ Риза Әлімжан таңдалған, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle The Paper сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, кеше актриса Риза Әлімжан Minning Town сериалындағы басты ролі үшін беделді Flying Apsaras Awards сыйлығына ие болған. Ол сахнада режиссер мен түсірілім тобына бірлесіп жұмыс істегені және мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдірген.

thepaper.cn

Сериалда 1966 жылы партияның орталық комитеті Қытай ауылдарында кедейлікке қарсы стратегиялық жоспар құрған кездегі оқиға суреттеледі.

mdb.com

Туындыда ауылдардың біріне Фуцзянь провинциясының мамандары келіп, тұрғындарға ақша табу үшін саңырауқұлақ өсіруді үйретеді. Ауыл келбеті осы жерді дамытуға бар күшін салатын басты кейіпкерлермен бірге өзгереді.

IMDb-дегі сериал рейтингі 10 ұпайдың 8,5-ін алған, сонымен қатар, сериал 23 номинацияның 8-ін жеңіп алған. Соның ішінде "үздік актриса" сыйлығы Риза Әлімжанға берілген. Ол әкесіне қарсы шығып, өмірін өзгерткен батыл қыз Ли Шуйхуаның ролін сомдайды.

Minning Town

Актриса көпшілікке Reyizha Alimjan немесе Rayza деген атпен танымал. 36 жастағы Риза Бейжіңде этникалық қазақ отбасында дүниеге келген. Ол 2019 жылы "Чангандағы ең ұзақ күн" фильміндегі ролі үшін "үздік актриса" сыйлығына ие болған.

Instagram/@waves.mag

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!