Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндердің ауа райына жылжымалы солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады. 4 қарашада күндіз, 5 қарашада түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, 4 қарашада күндіз, 5 қарашада тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын жауады. 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, бұрқасын болжанады. Қазақстан бойынша ауа температурасы күрт өзгермейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова