Танымал блогер 90 миллион теңгелік көлігін өртеп жіберді

NNN атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын Merсedes көлігін өртеп жіберді. Ол Instagram-парақшасында өртенген көліктің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Нұрдәулет достарымен бірге құны 90 миллион теңгеге бағаланған Mercedes GT көлігін өртейтін орынды дайындап, айналасына бензин шашып, кейін жағып жіберетіні көрінеді.

Блогердің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Алайда пікір білдірушілер оның бұл әрекетін көлігін өртеп жіберген ресейлік блогер Михаил Литвиннің әрекетін қайталау деп жазып жатыр. Қазақстандық блогердің көлігі өртеніп-өртенбегені белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!