Ондай адамнан қашу керек: абьюзер деген кім?

Абьюз күнделікті өмірде, әсіресе қарым-қатынаста жиі еститін сөздердің бірі. Алайда абьюзерлік тек ер адам мен әйелдің арасындағы қарым-қатынаста емес, әріптес, сыныптас не жақын бауырыңыз тіпті ата-анаңыз тарапынан да жасалуы мүмкін. Күнделікті өмірдегі абьюзердің портреті қандай? Адам абьюзер екенін алдын ала қалай анықтауға болады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Ер адамдағы абьюзердің белгісі:

Ең алдымен ер адам абьюзер екенін көрсететін белгілерді қарастырып көрейік. Біріншіден, абьюзер ер адам тыйым салуды ұнатады: ол өзінің "құрбанына" тыйым салатын нәрсенің бәрін өзі істейді. Екіншісі - эмоцияны ұстай алмау: қандай да бір жағдайға байланысты екі адам ұрсыса бастаса, абьюзер даусын қаттырақ шығарып, эмоциясын ұстай алмай айғайлай бастайды.

Абьюзердің тағы бір белгісі - жеке кеңістікті бұзуы. Яғни адам телефонмен сөйлесіп, бір адаммен хат алмасып отырса, абьюзер ол кіммен сөйлесіп жатқанын тексеріп, тіпті ол адаммен сөйлесуіне не кездесуіне тыйым салуы мүмкін. 

pexels.com

Тағы бір белгі - қызғаныш. Егер "құрбан" біреумен жақсы араласса, абьюзер қызғанып, ақыр соңында сол адаммен араласуына мүлде тыйым салуы мүмкін. 

Қоқан-лоқы көрсету - абьюзер адамның тағы бір белгісі. Ол физикалық тұрғыда мықты екенін көрсетіп. құрбанға қоқан-лоқы жиі көрсетуі мүмкін. 

Әйел адамдардағы абьюзер белгісі:

Әйел адамдардан да абьюзер шығады. Бірақ әйелдердегі абьюзерлік белгісі басқаша болуы мүмкін. Оның ішінде: белгілі бір зат арқылы агрессия көрсету. Яғни әйел агрессияны физикалық тұрғыда емес, нақты бір заттар арқылы көрсетеді. Мысалы ыдысты сындырып, заттарды бүлдіріп, техниканы сындыруы мүмкін. 

pexels.com

Сонымен қатар, әйел абьюзер құрбан өзін ұстауына көңілі толмайды және оны үнемі сынап жүреді. Одан бөлек, әйел адам күйеуіне физикалық тұрғыда және интим өмірде жақын болмайтынын айтып, қоқан-лоқы көрсетуі мүмкін. 

Ер адамдарда да, әйел адамдарда да абьюзер екенін көрсететін белгілер бар. Мысалы неглект, яғни сүйікті адамыңның өтінішін, қалауын елемеу. Мұндай жағдайда абьюзер сүйікті адамына қамқорлық танытуға тырыспайды. 

Абьюзер ауыр әзіл айтуды ұнатады. Осылайша оны естіген адамда қандай да бір комплекс пайда болуы мүмкін.   

Газлайтинг - абьюзерлерде кеңінен тараған әдістердің бірі. Яғни ол "құрбанын" бейадекват ретінде көрсетіп, "Саған солай көрінген ғой, олай болған жоқ" деп жиі айтады. Сонымен қатар, абьюзер құрбанын құнсыздандыруды жақсы көреді. Олар "Сенің достарың саған кері әсер етеді", "Қайтесің жұмыс істеп?", "Ол сенің қолыңнан келмейді", "Қоя салшы, өзім істеймін" деген сияқты сөздерді айтады. 

Абьюзер болу себебі неде?

Абьюз - психологиялық травма деген деректер бар. Ол бала күннен бастау алады. Егер ер адам абьюзер болса, ол әйел адамды төмендетіп, мысқылдауға тырысса, демек оның анасы бала күнінде өте қатал болуы мүмкін. Егер сіз құрбан не абьюзер екеніңізді байқай бастасаңыз, оны түсініп, маманға жүгінгеніңіз дұрыс.  

pexels.com

Адамға бала күнінен ата-анасы тарапынан абьюз жасалуы мүмкін. Ата-ана көп жағдайда: "Осы жұрттың баласы...", "Осы сен-ақ осылай істейді екенсің", "Қалған балаларым ондай емес еді. Сен қайдан шыққан бәлесің?", "Тойдырып біттің" деген секілді сөздерді жиі айтады. 

Абьюзер құрбаны болып кетпеу үшін не істеу керек? 

Ең алдымен, жоғарыда атап өткеніміздей, маманға жүгіну керек. Егер қарым-қатынаста физикалық не моралдық тұрғыда зорлық болса, үндемей қалудың қажеті жоқ. Бірден жақындарыңызға айтыңыз. 

Үшіншіден, мұндай қарым-қатынасты тоқтату керек. Абьюзер тек сүйіктіңіз емес, сыныптасыңыз, танысыңыз, ата-анаңыз, құрбыңыз тіпті бауырыңыз да болуы мүмкін. Сондықтан ондай адамдармен араласуыңызды уақытша тоқтатып көріңіз немесе ондай адамнан қашыңыз. Ең басты әрі маңыздысы - өзіңізді жақсы көріңіз және құрметтеңіз. Өзіңізді ренжітуге ешкімге жол бермеңіз.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!