"Жалған құжатпен жүрген". Алматыда 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ ұсталды

Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстаған.

"54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген", - делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!