"Ұсталып қала берді-ау". Желіде Төреғали мен Қайраттың тағы бір даулы видеосы тарады

"Ұсталып қала берді-ау". Желіде Төреғали мен Қайраттың тағы бір даулы видеосы тарады
Фото: TikTok

TikTok-та танымал әншілер Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың құшақтасып тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 232 мыңнан аса қаралым жинаған. Онда Қайрат Нұртас Төреғали Төреәліні құшақтап, сүйетіні көрінеді. Сондай-ақ, видеода ән айтып тұрған Нұрболат Абдуллинді де байқауға болады.

@star.wo #кн#ттт ♬ оригинальный звук - Адиль Жалмагамбетов

Желі қолданушылары бұл видеоға қызық пікірлер жазған:

"Екеуі айырылысса, махаббатқа сенбеймін", "Осы екеуі ұсталып қала берді-ау", "Айттым ғой араларында бірдеңе бар деп", "Екеуінің махаббаты күшті ғой тегі", "Осы екеуінің араларында бірдеңе бар", - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова