"Еңбекқор балақай". Ішек-қарын тазалаған бала TikTok-ты жарды

"Еңбекқор балақай". Ішек-қарын тазалаған бала TikTok-ты жарды
Фото: TikTok

TikTok-та кішкентай баланың ішек-қарын тазалап отырған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған бұл видео 2 миллионға жуық қаралым жинап, 70,1 мың адам лайк басып, мыңнан аса адам түрлі пікір жазған. Роликтен ішек-қарынға толы ыдысты алдына қойып, оны тазалап отырған баланы көруге болады. 

@tima_mukashev

♬ оригинальный звук - Tima Mukashev

Желі қолданушылары баланың бұл қылығына тәнті болған.

"Жаным, алтыным туріңнен сол", "Құдайым-ау, қандай ақылды, шаруаға көмектесіп жүр. Өмір-жасы ұзақ болсын, ата-анасына бақыт әкелсін", "Сондай тәтті", "Тіл, көзден сақтасын. Жарайсың, еңбекқор балақай", - дейді пікір білдірушілер.

TikTok-тағы пікірлердің басым көпшілігі қырғыз тілінде жазылған әрі видеоны жүктеген Желі қолданушысы - қырғыз әншісі. Демек, видео Қырғызстанда түсірілген болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова