Оралда 85 жастағы зейнеткер із-түссіз жоғалып кетті

Оралда 85 жастағы зейнеткер із-түссіз жоғалып кетті

85 жастағы зейнеткер Сәрсенғали Тұқсанов Орал қаласының маңында із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Зейнеткердің немересі Сәнияның айтуынша, қария Орал қаласының іргесіндегі Асан ауылында тұрған. Ол 29 қазан, сенбі сағат 13.00-де серуендеуге шығып, оралмаған.

"Бәріміз алаңдап отырмыз. Бастысы, аман-есен табылсын. Аздап ұмытшақтық ауруы болатын. Үйден шыққанда үстінде көк күртешесі, басында қара қалпағы болған. Полицияға арыз жаздық", - дейді туысы.

Сәрсенғали Тұқсановтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер болса +7 778 510 4220 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова