Сомали астанасындағы Білім министрлігі ғимараты маңында жарылыс болды

Сомали астанасы Могадишо қаласындағы Білім министрлігі ғимараты маңында бірнеше жарылыс болды, - деп хабарлайды жергілікті Dalsan TV

"Білім министрлігі ғимараты маңында жарылыстар болды", - делінген хабарламада.

Телеарна мәліметінше, шамамен 100 адам қаза болған, тағы 300 адам зардап шеккен.

Garoweonline порталы да Сомали астанасында екі жарылыс болғанын хабарлаған. Ал SONNA агенттігі мәліметінше, екі көлік жарылған. Ұлттық полиция өкілі Садик Додже агенттікке бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер көп екенін айтқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!