Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты

Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, өртсөндірушілер әлі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Министрлік кеңселерінің бірінде өрт шыққан. Өрт оқшауланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, кеңседе өрт шыққаны туралы қоңырау түсіп, бөлімшелер оқиға орнына аттанған.

"Ғимаратта 10 шаршы метр аумақты алған кеңсе жиһазы өртенген. Өрт сағат 13.42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Иманқұлов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек