"Өмірі дискотека болайын деп тұр". DJ Иманбек үйленді

DJ әрі Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов үйленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тойдың суреттері мен видеосын Бауржан Джансеитов атты Facebook қолданушысы жариялады. 

"Біз енді құдалармыз. Жиенім Айшабибі мен Иманбек отау құрды!" - деп жазды ол парақшасында.

Желі қолданушылар өнер иесін құттықтап, пікір жазған. 

"Құтты болсын!" "Жастар бақытты болсын", "Құтты болсын, жиеніңіздің өмірі дискотека болайын деп тұр", "Өмірлерің бақытқа толы болын", "Бастысы балалар бақытты болсын", - деп пікір қалдырған олар. 

Айта кетейік, Imanbek, Иманбек Зейкенов - Қазақстанда, сондай-ақ, Ресей, Украинада Imanbek Music лейблымен танымал қазақ продюсері, музыка ремиксері. 2019 жылы Saint Jhn-ның "Roses" әніне ремикс жасап, Grammy ұтып алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!