Қазақстанда YouTube жұмыс істемей қалды

Қазақстанда YouTube жұмыс істемей қалды
Фото: REUTERS

Қазақстандық қолданушылар YouTube жұмыс істемей қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Платформа 28 қазанда таңғы уақыттан бері жұмыс істемей тұр. Қазақстандықтардың сөзінше, видеохостингтің ұялы телефондағы және web-нұсқасы жұмыс істемей тұр. 

Еске салайық, 25 қазанда WhatsApp желісінде де ақау шыққан болатын. Downdetector сайтының мәліметінше, мессенджерде ақау Астана уақытымен сағат 13.00-ге қарай басталған. Downdetector сайтында мессенджер жұмысына шағымданушылар саны артқан еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина