Аяз, көктайғақ, тұман. Демалыста ауа райы қандай болатыны айтылды

Синоптиктер 28-31 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады. Жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Ауа температурасы:

батыста түнде 2 аяз - 8 жылыдан 2-11 жылыға дейін, күндіз 3-12-ден 7-17 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстік-батыста түнде 13 аяз - 2 жылыдан 7 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 5 аяз-8 жылыдан 0-10 жылыға дейін жоғарылайды;

солтүстікте түнде 5-10 аяздан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 3 аяз-2 жылыдан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды;

түнде орталықта 5-13 аяздан 3 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 3 аяз - 8 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

шығыста түнде 5-13 аяздан 6 аяз - 3 жылыға дейін, күндіз 7 аяз - 2 жылыдан 0-8 жылыға дейін жоғарылайды;

оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылы, күндіз 10-20 жылыдан 3-15 жылыға ауытқиды;

оңтүстік-шығыста түнде 13 аяз-5 жылыдан 8 аяз -5 жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 0-12-ден 2-15 жылыға ауытқиды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!