Әйгілі әртістердің орнына клондар өнер көрсете ме?

Әйгілі әртістердің орнына клондар өнер көрсете ме?
Фото: Stopfake.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде концерттерде танымал әртістердің орнына клондар өнер көрсететіні туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ, әнші Кэти Перридің жақында өткен концертінің видеосы тараған. Шара барысында ол еріксіз көзін жұмып қалады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, видеода клон, голограмма немесе оған ұқсас біреу жоқ. Бұл әншінің өзі - Кэти Перри. Концерт кезінде блефароспазм болған. Бұл - қабақ еріксіз тартылып, көз толық жабылып қалатын құбылыс. Бұған дейін мұндай жағдайлар болып тұратынын әншінің өзі айтқан болатын. Бұл туралы ол 2016 жылы Twitter-парақшасында пікір жазған.

Сол жылы ол American Idol телешоуының қатысушысын өзінің де оң көзінің аяқастынан жабылып қалатынын, бірақ бұл оның танымал болуына еш кедергі болмағанын айтып жұбатқан. Желі қолданушылары бұл жайтты вакцинаның жанама әсері, тіпті клондаудың белгісі деп жазып үлгерген, бірақ мұның бәрі шындыққа жанаспайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова