"Робот емеспін ғой". Ерке Есмахан Семейде болған жайтты түсіндірді

Ерке Есмахан Семейдегі концертінде әнінің сөзін ұмытып, қызық жағдайға тап болған еді. Әнші неге әнінің сөзін ұмытып қалғанын Instagram-парақшасында өткізген "сұрақ-жауап" айдарында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ондай-ондай өмір болған соң, болуы шарт деп ойлаймын. Робот емеспін ғой", - деп жауап берді ол. 

Ерке Есмахан Семейде Республика күніне орай ұйымдастырылған концертте "Аэропорт" атты әнін орындап, сөзін ұмытып қалған еді. Әнші бұл қызық оқиғасын Instagram Stories-інде бөлісті. 

Еске салайық, бұған дейін әншінің сол концертте тағы бір қызық оқиғасын бөліскен едік.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!