Қостанайда қасқырға ұқсас жануар жүр

"Қостанай жаңалықтары" порталының оқырмандары басылым редакциясына Тобыл қаласында жүрген жануарды қасқырға ұқсатып, видео жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала тұрғындары жануарды Механизаторов көшесінде видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, қасқыр көше бойымен жүгіріп, кейін саяжайларға қарай қашып кеткен. 

Кейбір Желі қолданушы видеодағы жануардың қасқыр екеніне күмәнданып, пікір қалдырған.

"Егер бұл қасқыр болса, онда мен Посейдонмын", "Қасқыр емес, арыстан ғой", "Қасқыр емес қой, су болған барбос", "Арық, аш ит қой, ал біреулер қасқыр дейді. Бұл Хаски немесе Метис қой", - деп жазған пікір қалдырғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!