Ақтөбеде екі адамды өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды

Ақтөбеде екі адамды өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын", - делінген хабарламада.

Күдіктілер облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде ұсталған.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 26 қазанда кешке Ақтөбе ПБ қызметінің пультіне Елек өзенінің жағасында, Нокин көшесіндегі "Оазис" монша кешенінің маңында екі мәйіт табылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына келіп түскен ақпаратты тексеру үшін облыс прокуроры, полиция департаментінің бастығы және жедел-тергеу тобы келді. Аталған мекенжай бойынша 1991 жылы туған және 1995 жылы туған азаматтардың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттері табылды", - деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Бұрын кейбір Telegram-арналарында екі жігітті бір топ ер адам аяусыздықпен ұрып-соғуы бейнеленген видео пайда болған еді. Роликтердің бірінде қылмыс Ақтөбеде жасалғаны айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!