Атырауда екі ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

Атырауда екі ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырауда қоғамдық орында төбелескен ер адамдар бейнебақылауға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"26 қазанда сағат 01:05 шамасында Вокзал маңы мөлтекауданында орналасқан алкомаркеттердің бірінің алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұны байқаған Жедел басқару орталығының қызметкерлері дереу жақын маңдағы патруль полиция қызметкерлеріне бағыттама берген", - делінген хабарламада.

Бағыттама бойынша оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 28 және 27 жастағы қала тұрғындарын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, екі ер адамның мас күйде екені белгілі болды.

Бұл дерек бойынша 29 және 28 жастағы ер адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 29 жастағы азаматқа 15 315 теңге көлемінде айыппұл, ал 28 жастағы азамат 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек