24 жастағы кәсіпкер қалай бір айда 43 миллион табатынын айтты

24 жастағы кәсіпкер қалай бір айда 43 миллион табатынын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

24 жастағы кәсіпкер, блогер Әйгерім Шахман қалай бір ай ішінде 43 миллион табатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті. 2020 жылы карантин кезінде ол күйеуімен Қытайдан тауар алып, бизнеспен айналысты. Ал түскен табысты тауарларын блогерлер арқылы жарнамалау үшін жұмсаған. Алты айдан кейін ерлі-зайыпты елордадан пәтер алған. Қазір олардың үш пәтері бар.

Әйгерім Шахман бірінші табысын 2020 жылы пандемия кезінде тапқанын айтады. Сауда үйлері мен дүкендер жабық кезде табыс көзі интернет-дүкенінен түскен. Осылайша, пәтерге ақша жинады. Кейін тіпті көлік сатып алған.

"Шынымды айтсам, пандемия мен үшін мүмкіндік болды. Таңнан кешке дейін Қазақстанға заттарды жеткізе алатын логистика компанияларын іздедім. Алғашқы 4 ай табыссыз өтті. Оның үстіне, сол кезде негізгі жұмысымнан да шығып кеткен едім. Әрине, қиын болды. Әйтеуір сөйтіп жүргенде сай келетін тасымалдаушы компания таптым. Бірақ тауарды 40 күн күтуге тура келді. Бұл туралы сатып алушыларға айтып едім, олар келісті. Сонымен қатар, алғашқы кірісімді тауарымды блогерлер арқылы жарнамалауға жұмсадым. Кейін бәрі сәтті болып, тапсырыстар түсе бастады. Блогерлер жұмыс істеп бастағанда "бум" болды, ол кездері маған айына 5 миллион теңге кіріс түсетін", - дейді блогер.

Сондай-ақ, кәсіпкер Қытайдан тауар алып сату арқылы бір айлық табысы 43 миллион теңгеге жеткенін айтты. Оның сөзінше, қазір ол танымал платформада тауар тасымалдаушы, Outlet дүкенін ашқан, тіпті жеке бизнес курсын жүргізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек