Ерке Есмахан Семейдегі концертте келеңсіз жайтқа тап болды

Ерке Есмахан Семейдегі концертте келеңсіз жайтқа тап болды

Әнші Ерке Есмахан Семейдегі концерт барысында келеңсіз жайтқа тап болды. Ерке сахнада орындап жатқан әнінің сөзін ұмытып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан Семейде қала күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен. Концерт барысында әнші "Аэропорт" атты әнін орындап, сөзін ұмытып қалған. Концерт барысындағы сәттен видеоларды әншінің өзі Instagram-парақшасына жүктеді. 

"Сөзін ұмытып қалдым!", - деді әнші сахнада. 

Одан бөлек, тағы бір жағдай болған: әнші сахнадан түсіп, қала тұрғындарына қарай бара жатқанында әннің плюстік нұсқасы, яғни фонограмма нұсқасы қосылып кеткен.

"Тоқтат, тоқтат, плюспен қосылып кетті ғой. Қалайсыздар?", - дейді әнші жиналған қауымға. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина