Илон Маск Twitter-ді сатып алып, штаб-пәтерге қолжуғыш әкелді

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алды. Миллиардер қолжуғышты салтанатты түрде енгізіп жатқанын видеода көрсетіп, парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Твиттер штаб-пәтеріне кіріп жатырмын. Істі қолға алып жатырмыз", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Маск Әлеуметтік желідегі парақшасында өзін Chief Twit деп өзгертті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, келісім 44 миллиард доллар болған.

Readovka сайтының мәліметінше, қолжуғыш "let that sink in" деген мағынаны білдіреді, ал бұл тура мағынасында "қолжуғышты кіргізіңдер" дегенді білдірсе, ауыспалы мағынасында "мұнымен келіспеске амал жоқ" деген мағынада қолданылады. 

Twitter қолданушылары оқиғаға байланысты бірқатар мем жариялап үлгерді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!