Желіде бананнан кішкентай паразиттер табылғаны туралы ақпарат тарады

Желіде бананнан кішкентай паразиттер табылғаны туралы ақпарат тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

TikTok-тағы mir_glazami_microscopa парақшасында ер адам микроскоппен бананның бір бөлігін қарап, одан паразиттерді анықтағаны туралы видео пайда болды. Видеоға ешқандай пікір жазылмаған. Алайда бұл парақшада осыған ұқсас басқа да видео көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеолардың бірінде автор жүгеріден паразиттер тапқанын айтады, бірақ кейін оны пісіріп жейді. Екіншісінде шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтағанын айтады. Шұжық туралы видеоға пікірлер жазылған. Мәтінде оның фейк екені айтылған. 

Осы парақшада шұжық туралы видео бірнеше рет жарияланған. Роликтің бір нұсқасы толық түсірілген. Басылым мәліметінше, онда автор бұл кадрларды жасау үшін шұжықты матаға әдейі ұстаған, сондай-ақ, компьютердің пернетақтасына және басқа да лас жерлерге қойған.

Сондай-ақ, парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы да видеолар бар, бірақ оларды кез келген адам байқайды. Басылым мәліметінше, автор "тәжірибені" қасақана бұрмаланғанын мойындаған, ол адамдарды дүрліктіретін видео түсіру үшін үлгілерге құрттарды салып, микроскоппен қараған.

Яғни, бананнан паразит табылғанына ешқандай дәлел жоқ. Көрермендерді осы жемісті жеу қауіпті екеніне сендіру үшін автор видеоны монтаждаған болуы мүмкін. Сонымен қатар, дәл осы автор бұған дейін қорқынышты видеолар түсіру үшін үлгілерді әдейі ластағанын мойындаған еді.

 @mir_glazami_microscopa

♬ Main Titles - Charlie Clouser

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова