Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Синоптиктер 27, 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері мәліметінше, 27 қазанда солтүстікте, 27-28 қазанда шығыста жауын-шашын сақталады. Ал шығыста қар аралас жаңбыр күтіледі. Аптаның ортасында батыс өңірлерге, кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ауысады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

28 қазаннан бастап елдің батысына циклон жырасына байланысты жауын-шашын жауады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ пен тұман болжанып отыр.

Ел аумағы бойынша ауа температурасы:

- батыста түнде 8 градус аяздан -7 градус жылыдан 2 градус аяз - 8 градус жылы, күндіз 3-15 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін төмендейді;

- солтүстік-батыста түнде 10 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5 градус аяз - 5 градус жылы;

- солтүстікте түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін шамалы ауытқиды;

- орталықта түнде 8 градус аяз - 6 градус жылыдан 3-13 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяз -10 градус жылыға дейін төмендейді;

- шығыста түнде 5 градус аяз - 6 градус жылыдан 3-12 градус аязға дейін, күндіз 5-12 градус жылыдан 6 градус аяз - 2 градус жылыға дейін төмендейді;

- оңтүстікте түнде 3 градус аяз - 8 градус жылы, күндіз 2-10 градус жылыдан 7-15 градус жылыға дейін жоғарылайды;

- оңтүстік-шығыста түнде 8 градус аяз - 10 градус жылыдан 10 градус аяз - 5 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 2-15 градус жылыдан 5 градус аяз - 10 градус жылыға дейін төмендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова