Ең көбі Алматы мен СҚО-да. Елге келген ресейліктер туралы не белгілі?

Ең көбі Алматы мен СҚО-да. Елге келген ресейліктер туралы не белгілі?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жыл басында елде 3,4 миллион ресейлік тұрған, бұл былтырмен салыстырғанда, 1,4 пайызға аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысында ресейліктердің ең көп саны тіркелген, яғни 469,7 мың адам. Екінші және үшінші орындарда Қарағанды облысы (469,2 мың) мен Алматы (458,9 мың) орналасқан.

Ресейліктер Қызылорда облысында аз шоғырланған, мұнда 14,1 мың адам, бұл былтырға қарағанда, 1,8 пайызға аз.

Ал бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанға 1,3 мың ресейлік келген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5 пайызға артық.

Өңірлер арасында ресейліктер Алматыда көбірек қоныстанған, яғни 339 адам, оған қоса жылына 61,4 пайыз. Жетекші өңірлер үштігіне Солтүстік Қазақстан (152 адам) және Қостанай (143 адам) облыстары да кірген. Қызылорда облысында ресейліктер аз қоныстанған, 3 адам.

Сонымен қатар, елден шыққан ресейліктердің саны бір жылда 15 пайызға, 8,1 мың адамға дейін қысқарған. Көпшілігі Шығыс Қазақстан (1,2 мың адам), Қарағанды (1 мың адам) және Павлодар (989 адам) облыстарынан кеткен.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ресейліктердің көбі Ресейден келген, яғни 83,3 пайыз немесе 1,1 мың адам. Одан кейін Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Беларусь және Украинадан келген.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Ресейден әртүрлі ұлттардан 1,7 мың азамат келген, бұл былтырмен салыстырғанда, 1,9 пайызға аз.

Ресей Федерациясынан келгендер қоныстанған танымал аймақтар арасында Алматы көш бастаған, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары да бар.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова