"Түпнұсқадан 100 есе артық". Хит әнді орындаған Айдар Тұрғанбек жұртты таңғалдырды

"Түпнұсқадан 100 есе артық". Хит әнді орындаған Айдар Тұрғанбек жұртты таңғалдырды
Фото: Видео кадры

"Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек жастар арасында танымал "Қар" әнін орындап, қазақстандықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші "Хабар" телеарнасындағы "Мейрамбек Бесбаевпен Cover Show-да" Kalifarniya-ның хиті "Қар" әнін орындады.

Көрермендер мен әділ қазылар тұрып, қол шапалақтады. Сол сәттің видеосы TikTok-та жарияланып, 700 мыңнан аса қаралым жинаған.

@kymbat04.89 #music #музыка #рек #rek #кавер #singer #qar ♬ Aidar Turgambek_Qar - ?Қымбат?

Видеоға 38 мың лайк басылып, мыңнан аса пікір жазылған. 

"Айдар болмағанда сөзін білмей кетер ме едік", "Бұл ән енді арайын ашты", "Міне, кәсіби әнші, жандандырып жібереді", "Түпнұсқадан 100 есе артық", - деп жазған Желі қолданушылары. 

Дегенмен, Kalifarniya-ның өзі айтқаны жақсы деген де пікірлер бар.

Айта кетейік, Cover Show ойын-сауық бағдарламасында түрлі буынға жататын және музыкалық бағыттары өзгеше музыканттар кездесіп, өзінің өнерін көрсетеді. Жобада танымал әншілер мен ақындар көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді жаңа интерпретацияда орындап шығады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш