Америкалық қыз TikTok-тағы видеосы үшін жұмысынан айырылды

Америкалық қыз TikTok-тағы видеосы үшін жұмысынан айырылды
Фото: pixabay.com

АҚШ-та бойжеткен әріптестерімен онлайн жиналыс кезінде TikTok-қа түсірілген 20 секундтық видео салдарынан стартаптағы жоғары жалақы алатын жұмысынан айырылды, - деп хабарлайды News.com.au.

24 жастағы Мишель Серна қашықтан жұмыс істейтінін айтады, сондықтан барлық кездесу онлайн режимінде өтеді. Солардың бірінде әңгіме басқа тақырыпқа ауысқан соң, ол камераны өшіріп, жұмыс үстеліне абайсызда кофе төгіп алғаны туралы күлкілі видео түсірген.

Келесі күні Сернаны күтпеген жерден HR өкілі мен өнім директоры кездесуге шақырған. Бойжеткенге түсірген видеосына байланысты жұмыстан шығарылатыны айтылыпты, өйткені видео фонында компанияның ішкі істері туралы әңгіме естіліп қалған. Серна қатесін мойындады, бірақ видеода ешқандай құпия ақпарат жоғын айтқан. Алайда ол жұмыстан шығару керек дегенмен келіспейді.

Басшылықтың шешіміне қарсы шықпаған Серна ат спортының кәсіпқойлары үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сататын жеке бизнесін ашуға бел буған. Ол TikTok-ты жарнама жасау үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш